Бағдарламаны қашықтан орнату

Барлығын жаю | Барлығын жию

Бұл бөлімде басқару тобындағы құрылғыларға, белгілі бір IP мекенжайлары бар құрылғыларға немесе басқарылатын құрылғылар жиынтығына бағдарламаны қашықтан орнату туралы ақпарат бар.

Бағдарламаны таңдалған құрылғыларға орнату үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде ҚұрылғыларТапсырмалар бөліміне өтіңіз.
  2. Қосу түймесін басыңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады.

  3. Тапсырма түрі өрісінде Бағдарламаны қашықтан орнату таңдаңыз.
  4. Келесі нұсқалардың бірін таңдаңыз:
    • Басқару тобына тапсырманы белгілеу
    • Құрылғының мекенжайларын қолмен белгілеу немесе тізімнен импорттау
    • Құрылғы таңдауына тапсырманы белгілеу
  5. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шебері жұмысының нәтижесінде таңдалған құрылғылар жиынтығы үшін таңдалған бағдарламаны қашықтан орнату тапсырмасы жасалады. Басқару тобына тапсырманы белгілеу параметрін таңдаған болсаңыз, тапсырма топтық болып саналады.

  6. Тапсырманы қолмен іске қосыңыз немесе тапсырма параметрлерінде көрсетілген кестеге сәйкес оның іске қосылуын күтіңіз.

Қашықтан орнату тапсырмасын орындағаннан кейін, таңдалған бағдарлама көрсетілген құрылғылар жиынтығына орнатылады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Қорғанысты орналастыру шебері

Басына оралу